×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Almaty Open титулы үшін Медведев пен Муте таласады

Бүгін, 14:14
Almaty Open титулы үшін Медведев пен Муте таласады
Қазақстан теннис федерациясы

Теннистен Almaty Open ATP 250 турнирінің финалистері белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

19 қазанға белгіленген шешуші матчта ресейлік Даниил Медведев (№14) пен франциялық Корентен Муте (№41) кездеседі.

Жартылай финалда Медведев сенсацияға жол бермей, аустралиялық Джеймс Даквортты (№138)  ұтты - 6:7, 6:3, 6:2. Муте жартылай финалда америкалық Алекс Михельсенді (№36) жолдан тайдырды - 7:5, 6:4.

Матч бүгін, 19 қазанда 15:00-де басталады.

Еске салайық, 2024 жылы финалда канадалық Габриэль Диаллоны 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңген ресейлік теннисші Карен Хачанов жеңімпаз атанды.

Серіктес жаңалықтары