×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: AZAL жолаушысы көз жұмды

Бүгін, 17:20
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: AZAL жолаушысы көз жұмды
lent.az

Әзербайжанның Зағатаала қаласының тұрғыны Нурулла Сираджов, Azerbaijan Airlines компаниясының Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшағында жарақат алған азамат 18 қазан таңертең өз үйінде қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lent.az сайтына сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әуе апаты болған күні Сираджов жұбайымен бірге Грозныйға ұшып бара жатқан.

Басылымның жазуынша, олар ұлдарын көруге бара жатқан. Сонымен қатар Нурулла Сираджов онкологиялық ауру бойынша ота жасатпақ болған. Алайда апатқа байланысты операция өтпей қалды.

Ерлі-зайыпты ауыр жарақат алып, Бакудегі ауруханаға жеткізілген. Сираджов жарақаттан айыққанымен, дертін жеңе алмады.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, AZAL әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшағы 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласына жақын маңда апатқа ұшыраған. ‎

Бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған, олардың 29-ы тірі қалған. Кейінірек Әзербайжан билігі бұл оқиғаға Ресей әскерилерін айыптап, олардың қатысы бар екенін дәлелдейтін деректер ұсынған.

2025 жылдың қазан айында Владимир Путин Ильхам Әлиевпен кездесуде Ресейдің кінәсін мойындап, AZAL ұшағының апаты Ресей әуе кеңістігінде украин дрондарының болуы салдарынан да орын алғанын мәлімдеген. Сондай-ақ ол оқиға үшін Әзербайжанға өтемақы төлеуге уәде берген.

Серіктес жаңалықтары