×
536.32
626.9
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.32
626.9
6.6

Ресейлік журналист не үшін Қазақстанға келуден қорқатынын айтты

Бүгін, 14:32
Ресейлік журналист не үшін Қазақстанға келуден қорқатынын айтты
Коллаж: ulysmedia.kz

Ресейлік журналист Юрий Дудь не үшін Қазақстанрға келуден қорқатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық маман Әлішер Елікбаев Юрий Дудьтен неліктен қазақстандықтардан сұхбат алмай кеткенін сұраған. 

- Себебі қазір Қазақстанға бара алмаймын. Ал мен сұхбат алғым келетін адамдарды Қазақстанда түсіргенім дұрыс болады. Ресейде менің үстімнен қылмыстық іс қозғалған. Сондықтан Қазақстан сол қылмыстық іс бойынша мені Ресейге тапсыруы мүмкін, - дейді журналист. 

Дудь қазақстандық достары барын және олармен тек бейтарап елдерде кездесетінін айтты. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Еске салайық, биыл шілдеде Ресей Юрий Дудьке қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Қылмыстық іс «шетел агентінің міндеттерін орындамау» бабымен қозғалды. Ол Ресей Қылмыстық кодексінің 330.1-бабының 2-бөлігі бойынша - «шетел агенттері туралы заңнамада көзделген міндеттерді орындаудан жалтару» дерегі бойынша күдікке ілінді.

Қылмыстық істі прокуратура қозғаған. Ведомствоның мәліметінше, Дудь бір жыл ішінде екі рет шетел агенті ретінде қызмет тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, жарияланымдарын тиісті белгісіз жалғастырған.

Серіктес жаңалықтары