Блогер Диас Құзайыров журналист Асхат Ниязовқа қатысты тюбетейка туралы айтқан қалжыңы үшін полицияға арыз жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Құқық қорғау органдарына жүгіну себебі – журналист Асхат Ниязов қатысқан YouTube-тағы «Прожарка» шоуының бір шығарылымы. Құзайыровтың пікірінше, эфир барысында журналисттің айтқан өткір сөздері ұлтаралық араздықты қоздыру бабына (ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы) жатады. Бұл бап бойынша жаза ретінде 2 мыңнан 7 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, не 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Әлеуметтік желілерде журналист Асхат Ниязовтың қазақтың ұлттық бас киімі – тақия туралы айтқан сөзі бар бейнежазба тарады. You-Tube-тегі әзілдеуге арналған жобалардың бірінде журналист әзілкеш Руслан Тай туралы айтқан.
- Русланның қазақы болғаны соншалық, ол мүшесіне де тақия киіп алған, - дейді Асхат Ниязов.
Ал арыз мәтінінде былай делінген:
- Тақия – қазақ халқының дәстүрлі бас киімі, ар мен намыстың, мәдени ерекшеліктің нышаны. Жоғарыда айтылған сөздер – қазақ ұлтының қадір-қасиетін қорлайтын, вульгарлы және кемсітуші сипаттағы мәлімдеме, ол ұлттық абырой мен намысты қорлауға бағытталған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, YouTube-тегі “прожарканың” (видео форматы) Қанат Бейсекеевке арналған шығарылымы қызу талқыға түскен болатын.