×
538.12
627.02
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.12
627.02
6.65

Ағза трансплантация оталары жылдам әрі арзан болмақ

Ағза трансплантация оталары жылдам әрі арзан болмақ
Ашық дереккөзден

Қазақстанда ағза трансплантациясына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа түзетулер отаны жылдам әрі қолжетімді етуге бағытталған.

ЖАҢА ЕРЕЖЕ

Жаңа ереже бойынша, егер донор мен реципиент арасында тікелей туыстық байланыс болса, мысалы, ана мен бала, бауырлар арасында болса олардың туыстығын генетикалық сараптама арқылы дәлелдеудің қажеті болмайды. Бұған дейін мұндай талдау міндетті болатын және ол ел бойынша санаулы зертханаларда ғана жүргізілетін.

- Енді туыстық ресми құжаттармен расталса жеткілікті. Бұл отаның мерзімін қысқартып, шығынды азайтады,— деді Тимур Сұлтанғазиев.

Ведомство мәліметінше, қымбат әрі ұзаққа созылатын генетикалық талдау алынып тасталғандықтан трансплантация операциялары арзандайды және қолжетімді болмақ. 

Бастама медициналық қызметтің тиімділігін арттыруға және науқастардың өмірін сақтауға бағытталған маңызды қадам.

Серіктес жаңалықтары