×
538.12
627.02
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.12
627.02
6.65

Үкіметтің бензин бағасына тыйымы елді дағдарысқа ұрындыруы мүмкін

Бүгін, 23:10
Үкіметтің бензин бағасына тыйымы елді дағдарысқа ұрындыруы мүмкін
Ulysmedia коллажы

Сарапшылардың пікірінше Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары ұзақ мерзімді перспективада теріс салдарға әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САРАПШЫЛАР БОЛЖАМЫ

Олардың бірі — 16 қазаннан бастап АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізу. Бұл шара "инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін" күшінде болады деп болжанған..

Экономист Мағбат Спанов бұл шешім ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанда тапшылық туындатуы мүмкін деп есептейді.

— Әкімшілік шаралар белгілі бір кезеңде оң рөл атқарады. Алайда, ақыр соңында теріс салдарға алып келуі мүмкін. Мысалы, АИ-92 бензинінің бағасын "тұрақтандыру" осы маркадағы жанармайдың қазақстандық нарықта тапшылығын тудыруы ықтимал. Мұнай өңдеу зауыттарына АИ-92 бензинін өндіру тиімсіз болып қалады. Менің білуімше, МӨЗ бензинді онсыз да жеткілікті төмен бағамен сатып отыр, — дейді Мағбат Спанов kapital.kz сайтына берген сұхбатында. 

Ол сондай-ақ, 2025 жылдың басынан бері АИ-92 және АИ-95 бензинінің бағасы 20%-ға қымбаттағанын атап өтті.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

16 қазанда Қазақстанда АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасын көтеруге тыйым салынды. Энергетика министрлігі уақытша мораторийдің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары