×
538.12
627.02
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.12
627.02
6.65

Орбан Еурокеңестің отырысына кешігеді: себебі белгілі

Бүгін, 23:40
Орбан Еурокеңестің отырысына кешігеді: себебі белгілі
Әлеуметтік желіден

Орбан Еурокеңес отырысына қатты кешігеді: Украинаға қатысты бөлімді жіберіп алады, дауысын Фицоға берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОРБАН НЕГЕ КЕШІГЕДІ?

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан 23 қазанда Брюссельде өтетін Еуропалық кеңес отырысына кешігіп келеді және Украинаға қолдау көрсетуге арналған бірінші бөлімге қатыспайды.

Бұл туралы 21 қазанда Брюссельде өткен брифингте ЕО-ның жоғары лауазымды өкілі мәлімдеді. Оның айтуынша, Орбан Брюссельге күннің екінші жартысында келуді жоспарлап отыр, ал Еуроодақ көшбасшыларының саммиті таңғы 10-да басталады. Саммиттің басында оған Украина президенті Владимир Зеленский қосылады, ал Украинаға қатысты талқылау Орбансыз жалғасады.

Венгрия премьерінің қатты кешігуінің себебі — 1956 жылғы Венгрия революциясының мерейтойына арналған салтанатты шараларға қатысу. Еурокеңестегі дауысын ол Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға тапсырды.

"Украина мәселесіне қатысты Венгриямен стратегиялық алшақтық әлі де бар", — деп атап өтті ЕО өкілі. Ол сондай-ақ Еурокеңестің Ресейдің мұздатылған активтері негізінде Украинаға репарациялық несие беру және 19-шы санкциялар пакетін қабылдау жөніндегі қорытындылары Виктор Орбанның қатысуынсыз жасалатынын айтты.

БҰҒАН ДЕЙІН ДЕ…

Еурокеңесте Украинаға қатысты шешімдер Венгрия премьерінің қатысуынсыз қабылданған. Ол экс-канцлер Олаф Шольцтың кеңесімен "кофе ішуге шығып кетіп", дауыс беруден бас тартқан, бұл арқылы консенсусты бұзбай, өз ұстанымын білдірген.

Серіктес жаңалықтары