×
538.56
625.65
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.56
625.65
6.62

Дрон шабуылы: Орынбор газ өңдеу зауытының жұмысы қалпына келе бастады

Бүгін, 12:26
Дрон шабуылы: Орынбор газ өңдеу зауытының жұмысы қалпына келе бастады
Фото: Орынбор ГӨЗ

Орынбор ГӨЗ газ қабылдауды қайта бастады, Қарашығанақтағы өндіру көлемі қалпына келтірілуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Энергетика министрлігі Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік процестер кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатқанын хабарлады. Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық кен орнынан шикі газ қабылдауды қайта бастады. Осыған байланысты жобаның операторы 19 қазандағы оқиғаға дейінгі штаттық деңгейге жету үшін газ өндіру көлемін біртіндеп арттыруда.

Шикізат қабылдаудың уақытша тоқтатылуы мен өндірудің қысқартылуы елдің ішкі нарығын газбен қамтуға кері әсер етпеді. Қазақстандық тұтынушылар алдындағы барлық міндеттемелер толық орындалды және орындалуын жалғастыруда.

Сондай-ақ, Қарашығанақта отандық газ өңдеу зауытын салу – стратегиялық маңызға ие жоба ретінде белгіленген. Бұл жобаны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жүзеге асыратын болады. Қазіргі уақытта зауытты кен орнының қолданыстағы инфрақұрылымына қосу бойынша техникалық параметрлер келісілуде.

ДРОН ШАБУЫЛЫ

19 қазанда Орынбор ГӨЗ-інде ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылынан кейін апат болып, зауыт Қарашығанақ кен орнынан шикі газ қабылдауды уақытша тоқтатты. Зауыттағы зақымның сипаты мен қалпына келтіру мерзімі туралы ақпарат ресейлік тараптан берілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары