Атыраудағы қанды қылмыс: Яна Легкодимованың өліміне қатысты сотта сұмдық деректер жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ӨЛТІРГЕН
Атырау облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында 23 жастағы Яна Легкодимованы қатыгездікпен өлтіруге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Айыпталушылар орындығында — 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимов.
Кезекті сот отырысында айыпталушылардың өзара хат алмасуы жария етілді. Онда Яна Легкодимоваға қатысты қылмыстан бөлек, өзге де жантүршігерлік жайттар талқыланған. Марқұмның анасы Галина Легкодимованың айтуынша, бұл хаттарда басқа да адам өлтіру әрекеттері сөз болған.
Бұл хаттарды оқығанда адамның төбе шашы тік тұрады. 24-25 жастағы қарапайым жастардың осындай суыққанды, циникалық ойлар айтуы — ақылға сыймайды. Онда қандай ғана өлтіру тәсілдері жоқ: кіреберісте балғамен ұру, цианидпен, этилмен, метанолмен, марганецпен, калиймен улау, алтыншы қабаттан лақтырып жіберу, тұншықтыру, көлікпен қағу, өртеп жіберу... Мұның бәрі күлкімен, суыққанды түрде жазылған. Меніңше, олар үшін жалғыз жаза — өмір бойы бас бостандығынан айыру. Өкінішке қарай, бізде өлім жазасы жоқ. Бірақ дәл осындай адамдар үшін, бәрі дәлелденіп тұрғанда, басқа жаза болмауы керек. Біз бәріміз ата-анамыз, балаларымыз бар. Ешкім баласын осындай адамдар үшін өсірмейді», — деді Галина Легкодимова.
ЯНАНЫҢ ӨЛІМІ
Іс материалдарына сәйкес, Яна Легкодимова 2024 жылдың 18-інен 19 қазанына қараған түні өлтірілген. Оның денесі тек 8 айдан кейін 2025 жылдың маусымында табылған. Полиция күдіктілерге Янаның күнделігі арқылы шыққан.
Тергеу нұсқасы бойынша, Легкодимованың жігіті Хайржанов оны көлікте тұншықтырған, ал досы Катимов көліктің есігін жауып, қыздың қашып шығуына жол бермеген. Кейін олар мәйітті қала сыртына апарып, Талдыкөл ауылы маңындағы Жайық өзеніне тастаған.