×
538.53
623.94
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.53
623.94
6.59

Трамп ресейлік компанияларға санкция енгізді

Бүгін, 10:04
Трамп ресейлік компанияларға санкция енгізді
Фото: AP Photo

АҚШ Ресейдің ең ірі екі мұнай компаниясы – «Роснефть» пен «Лукойлға» қарсы санкция енгізді. Бұл шешім Ресейдің Украинаға жасаған жаңа шабуылдарынан кейін қабылданды. Аталған соққылар салдарынан жеті адам, оның ішінде екі бала қаза тапқан. АҚШ Қаржы министрлігі мұндай шешімнің себебін «Мәскеудің бейбіт процесте шынайы ниет танытпағанымен» түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Санкциялар бұл компанияларды АҚШ қаржы жүйесінен толықтай ажыратуды көздейді – енді олар доллармен операция жүргізе алмайды. Ережені бұзғандарға, соның ішінде шетелдік банктерге де, қатаң шектеулер қойылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл шараларды «өте маңызды және ауыр шешім» деп атады.

- Егер соғыс тоқтаса, бұл санкциялар ұзаққа созылмайды деп үміттенемін, – деді.

Санкциялар Трамп пен Путиннің Венгрияда өтеді деп жоспарланған кездесуінің тоқтатылуынан кейін жарияланды. Кездесу келесі аптада өтуі тиіс болған. Дереккөздердің хабарлауынша, Вашингтон келіссөздерді «ерте және тиімсіз» деп бағалаған, себебі Мәскеу мен Киев арасындағы прогресс байқалмаған.

Саммиттің тоқтатылуы АҚШ пен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардағы тағы бір бетбұрыс болды. Өткен аптада Трамп «атысты тоқтату туралы бастаманы ілгерілетуге дайынмын» деп мәлімдеген еді, алайда Мәскеу бұл ұсынысты қабылдамаған.

The Washington Post дерегінше, «Роснефть» пен «Лукойлға» қарсы бұл шектеулер — Трамптың екінші президенттік мерзімінде Ресейге қарсы енгізілген алғашқы ірі санкциялар болып табылады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Еуроодақтың Ресейге қарсы 19-шы санкциялық пакетін қолдайтынын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, 21 қазан күні АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкцияларды кейінге қалдырғаны хабарланған. 

Серіктес жаңалықтары