×
538.53
623.94
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.53
623.94
6.59

Сенат «ЖИ туралы» заң жобасын Мәжіліске қайта жіберді: депутаттарға не ұнамады?

Сенат «ЖИ туралы» заң жобасын Мәжіліске қайта жіберді: депутаттарға не ұнамады?
ЖИ: Ұлысмедиа

Сенат «ЖИ туралы» заң жобасын қарап, бірқатар баптарын толықтыру қажет деп тауып, құжатты мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Сенаторлар бұл заңды елімізде жасанды интеллектті құқықтық тұрғыда реттеудің алғашқы жүйелі қадамы деп бағалады. Құжаттың басты мақсаты – жасанды интеллектті қауіпсіз және этикалық тұрғыда енгізу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ инновациялық дамуды ынталандыру.

Депутаттарға не ұнамай қалды?

Сенат депутаттары заң жобасының кейбір нормаларын жеткіліксіз деп тауып, оған алты түзету енгізді. Солардың бірі - жасанды интеллект жүйелерінен келтірілген зиян үшін тек ерікті сақтандыруды қарастыратын норманы өзгерту. Сенатор Әли Бектаев мұндай тәсіл зардап шеккен тарапты қорғаныссыз қалдыруы мүмкін екенін айтты.

- Тек ерікті сақтандыру нормасы зардап шеккен азаматтарды қорғай алмайды. Сақтандыру шарттарындағы нақты стандарттар мен тәуекел деңгейлері әлі анықталған жоқ. Сондықтан заңда міндетті сақтандыру жүйесін енгізу қажет, – деді ол. 

Осы ұсынысқа сәйкес сенат ерікті сақтандырумен қатар, міндетті сақтандыруды да енгізуді ұсынды. Бұл норма жасанды интеллект жүйелерінің келтірген зияны үшін жауапкершілікті нақтылайды және азаматтардың құқықтық қорғанысын күшейтеді.

Сонымен қатар, мәжіліс мақұлдаған нұсқада тәуекел туындаған жағдайда тек залалды азайту шаралары көзделген еді. Ал сенат енгізген түзетулер бойынша, жасанды интеллект иелері мен пайдаланушылары ықтимал қауіптің алдын алу және залалдың туындауына жол бермеу үшін дереу шаралар қабылдауға міндетті болады.

- Технологияны енгізу берік нормативтік базасыз мүмкін емес. “ЖИ туралы” заң – елімізде алғаш рет жасанды интеллектті реттеудің құқықтық негізін қалыптастыратын маңызды құжат. Біз енгізген түзетулер қауіптің алдын алу мен залалды болдырмауға бағытталған нақты жауапкершілікті күшейтеді, – деді Депутат Бибігүл Аққожина. 

Мәжіліс айтылған кемшіліктерді түзеткен соң, құжат Сенатта қайта талқыланады.

Контекст

Қыркүйекте Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын мақұлдаған болатын. Құжатта адамға зиян келтіруі мүмкін жасанды интеллект әзірлемелеріне тыйым салынады. Оның ішінде адамның келісімінсіз мінез-құлқына ықпал ететін немесе эмоционалдық және психологиялық әлсіз тұстарын пайдаланатын технологияларға да шектеу қойылады.

Сонымен қатар, жоғары тәуекел деңгейіндегі жасанды интеллект жүйелері үшін ерекше бақылау және реттеу тетігі қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары