×
538.53
623.94
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.53
623.94
6.59

Қазақстандағы банк Еуроодақтың жаңа санкция тізіміне енді

Бүгін, 15:08
Қазақстандағы банк Еуроодақтың жаңа санкция тізіміне енді
Коллаж: Ұлысмедиа

Еуропалық одақ елдері Ресейдің Украинадағы соғысына байланысты 19-блок санкцияны бекітті. Бұл пакет Ресейден сұйытылған табиғи газ (СТГ) импорттауға тыйым салуды қамтиды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Словакия бұл шешімге дейін соңғы келісім бермеген ел болып қалды. Өткен аптада ЕО елдері санкция жобасының соңғы нұсқасын келісіп, құжат бекітілді. Премьер-министр Роберт Фицо Еуропалық комиссиядан энерготасымалдаушылар бағасының жоғары болуына қатысты кепілдіктер мен автокөлік және ауыр өнеркәсіп секторының мүдделерін климаттық мақсаттармен үйлестіруді талап еткен болатын, деп жазады Reuters.

ЖАҢА ШЕКТЕУЛЕР

Жаңа пакет ресейлік дипломаттарға арналған сапарларға қосымша шектеулерді енгізеді және Мәскеудің “көлеңкелі флотына” тиесілі тағы 117 кемені, негізінен танкерлерді, санкциялық тізімге қосты. Осылайша, жалпы саны 558 кемеге жетті.

Сондай-ақ Қазақстан мен Беларусьтің бірқатар банктері де санкция тізіміне енгізілді.

ЕО-ның дипломатиялық дереккөздері Reuters-ке берген мәліметінде, бұл тізімге Қытайдың мұнай өнеркәсібімен байланысты төрт ұйым да енгізілетінін хабарлады. Алайда олардың атаулары бейсенбі күні ресми түрде бекітілгенге дейін жарияланбайды.

Тізімге екі мұнай өңдеу компаниясы, бір сауда фирмасы және санкцияларды айналып өтуге қатысы бар ұйым кіреді.

Серіктес жаңалықтары