×
538.53
623.94
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.53
623.94
6.59

Қазақстандықтар ресейлік рубльден жаппай бас тартып жатыр

Бүгін, 16:11
Қазақстандықтар ресейлік рубльден жаппай бас тартып жатыр
Коллаж: Ұлысмедиа

Ресей валютасы қазақстандық нарықта да өз позициясын жоғалтып барады. Егер үш жыл бұрын ел тұрғындары рубльді белсенді түрде сатып алса, бүгінде керісінше — айырбастау пункттері халықтан рубль қабылдап, оны сата алмай отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Рубльге қызығушылық төмендеді

Ranking.kz мәліметінше, 2021 жылы қазақстандық айырбастау пункттері 443,6 млрд теңгенің рублін сатып сатудан табыс тапқан болса, 2025 жылы жағдай түбегейлі өзгерді — жыл басынан бері сатып алу көлемі сатудан 232,2 млрд теңгеге артық болды. Бұл бақылау тарихындағы ең төмен көрсеткіш.

Мәселен, 2024 жылы рубльдің теріс сальдосы 12 айдың 7 айында байқалса, 2025 жылы бұл көрсеткіш қатарынан сегіз ай бойы сақталуда. Ең көп айырмашылық жаз айларына тиесілі: маусымда – минус 40,5 млрд теңге, шілдеде – минус 53,2 млрд теңге.

Негізгі себептер

Сарапшылардың пікірінше, мұндай үрдіске екі фактор әсер етті:
    •    геосаяси жағдайдың ушығуы және Ресейден келген туристер ағымының артуы,
    •    қазақстандықтардың сенімінің төмендеуі — рубльдің шектеулі айналымда болуы және оны көбіне тек Ресеймен есеп айырысуда қолдану.

Айырбастау пункттеріндегі ең теріс көрсеткіштер Астана (-211,4 млрд тг) мен Алматыға (-32,5 млрд тг) тиесілі.

Құн өссе де сенім аз

2025 жылы рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы бір жылда 35%-ға өсіп, қазан айында орташа 6,62 теңгеге жетті. Алайда бұл өсім халықтың сенімін қайтарған жоқ: рубльдің бағамы артқанмен, оның нарықтағы маңызы азайып барады, валюта Қазақстан ішінде өзектілігін жоғалтып, ресми есеп айырысудан тыс сирек қолданыла бастады.

Серіктес жаңалықтары