×
538.53
623.94
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.53
623.94
6.59

Бес баланың анасы жындыханаға жатқызылды: сараптама нәтижесі шықты

Бүгін, 18:35
Бес баланың анасы жындыханаға жатқызылды: сараптама нәтижесі шықты
Видео кадры

Ақтөбеде жындыханаға мәжбүрлі түрде жатқызылған бес баланың анасына қатысты сараптама нәтижесі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы әлеуметтік желіде белсенді Ақмарал Басирова хабарлады.  Оның айтуынша, көпбалалы ана туралы ақпарат соңғы күндері қоғамда үлкен резонанс тудырған.

- Біз басынан бастап оған қойылған диагнозбен келіспегенбіз. Себебі Жұлдызды психиатриялық ауруханаға жалған ақпарат негізінде, туысы – өз әпкесінің арызы арқылы жатқызған. Бұл жағдай ананы терең күйзеліске түсіріп, балаларына да ауыр соққы болды. Алайда шындық түбінде ашылатынына біз сендік!!! Жақында Жұлдыз ханым Алматы қаласындағы Республикалық психикалық денсаулық орталығына жіберілді. Он күн бойы психологтар, профессорлар, доценттер және кафедра меңгерушілері кәсіби түрде кешенді тексеріс жүргізді, – дейді белсенді. 

Бүгін 24 маманнан құралған консилиум Жұлдыздың жағдайын қарап, қорытынды жасаған.

- Толықтай сау деген! Бұл сараптама - шындықты қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам, - деді ол.

Белсенді бұл жайтқа байланысты әділдікті талап етті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе қаласында бес бала үндеу жасап көмек сұраған болатын. Сол сәтте бір үйдің бес баласы Ақтөбе қаласындағы “Аяла” балалар орталығында тұрып жатқан еді. Себебі олардың сөзінше, аналарын туысқан апалары жындыханаға мәжбүрлеп апарып тастаған.

Серіктес жаңалықтары