Қазақстанның креатив, медиа және жарнама салаларындағы 130-дан астам компания Мәжіліске және Үкіметке жаңа Салық кодексінің 286-бабының 16-тармағын қайта қарау туралы өтінішпен жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл тармақ компанияларға жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерден алынған қызметтерді шығын ретінде есептеуге мүмкіндік бермейді, бұл олардың бизнесіне қауіп төндіреді. Компаниялар бұл норманы креативті экономиканың дамуына елеулі кедергі деп санайды. Бұған дейін кәсіпкерлер билікке корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша шегерім құқығын сақтап қалу туралы өтініш білдірген болатын, себебі бұл шағын және орта бизнестегі B2B-байланыстардың бұзылуына әкелуі мүмкін.
САЛДАРЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ
Авторлардың пікірінше, ОУР бойынша тапсырыс берушіге шегерім жасауға тыйым салу келесі салдарға алып келеді:
– Жеңілдетілген режимдегі ЖК мен ЖШС – бұл шағын видеопродакшндар немесе видеографтар, дизайнерлер, фотографтар, копирайтерлер, режиссерлер, декораторлар және басқа да мамандар түріндегі шығармашылық бірліктер. Олар – креативті сектордың «қаңқасы», себебі елдегі бірде-бір агенттік әртүрлі жобаларға қажетті барлық мамандарды штатта ұстай алмайды және оларды жобаларға қарай тартады. Мұндай ЖК мен ЖШС-тің көпшілігінде шығындар бөлімі жоқ, сондықтан жеңілдетілген режим – заңды B2B-жұмыстың жалғыз тиімді форматы және көлеңкеден шығудың «лифті», – делінген өтініште.
ҰСЫНЫСТАР