×
538.53
623.94
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.53
623.94
6.59

АҚШ Ресейді терроризмді демеуші мемлекет деп тануға жақын

Бүгін, 21:35
АҚШ Ресейді терроризмді демеуші мемлекет деп тануға жақын
Әлеуметтік желіден

АҚШ сенаторы Линдси Грэм Ресейді терроризмді демеуші мемлекет деп тану туралы заң жобасын Сенаттың халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті қолдағанын хабарлады. Бұл Грэмнің осындай шараны үшінші рет ұсынуы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ Сенатының халықаралық қатынастар комитеті сенатор-республикан Линдси Грэмнің Ресей Федерациясын терроризмді демеуші мемлекет ретінде тану туралы заң жобасын бір ауыздан қолдады. Бұл туралы ақпарат Грэмнің ресми сайтында 22 қыркүйек, сәрсенбі күні жарияланды.

АҚШ СЕНАТОРЛАРЫ УКРАИНА БАЛАЛАРЫН ҚАЙТАРУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

Заң жобасында Ресей егер ұрланған украиналық балаларды қайтармаса, оны терроризмді демеуші мемлекет ретінде тану көзделген. Құжат енді Өкілдер палатасы мен Сенаттың толық құрамында қаралуы тиіс. Кейін оны АҚШ президенті бекітеді.

Грэмнің айтуынша, мұндай шешім қабылданған жағдайда Ресей экономикасы үшін «жойқын салдарлар» болмақ. Қазір мұндай мәртебеге ие елдер — Куба, Иран, Сирия және Солтүстік Корея.

ГРЭМНІҢ РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ БАСТАМАЛАРЫ

Бұл — Линдси Грэм бастаған америкалық сенаторлардың Ресейді терроризмді демеуші мемлекет деп тануға үшінші әрекеті. Бұған ұқсас заң жобалары 2022 жылдың қыркүйегінде және 2024 жылдың маусымында енгізілген болатын.

2025 жылдың наурыз айында Грэм Ресейге қарсы «санкциялық тозақ» ұйымдастыратынын айтып, 300 млрд доллардан астам қатып қалған ресейлік активтерді тәркілеуге шақырған еді. Алайда бұл бастамалардың ешқайсысы іс жүзінде жүзеге аспады.

Серіктес жаңалықтары