×
538.53
623.94
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.53
623.94
6.59

Келер жылдан бастап Қазақстанда форум өткізілмей ме

Бүгін, 23:05
Келер жылдан бастап Қазақстанда форум өткізілмей ме
Ulysmedia коллажы

Келесі жылы Қазақстан 68 миллиард теңгеге шығындарын қысқартады. Бұл туралы журналистерге қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚША ҮНЕМДЕУДІҢ АМАЛЫ

Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, мемлекет форумдарды өткізуден бас тарту және іссапар шығындарын қысқарту есебінен үнемдейді.

«Шынында да, 2026 жылға арналған шығындарды оңтайландыру және қысқарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Егер нақты сома қызық болса – бұл шамамен 68 миллиард теңге. Бұл қаражат оңтайландырылып, қысқартылды. Негізінен бұл имидждік шығындар. Форумдар, іссапарлар, соның ішінде кейбір нормаларды қайта қарау есебінен», – деді ол.

ҚАНДАЙ ФОРУМДАР ТОҚТАТЫЛАДЫ

Қай форумдардың нақты тоқтатылғаны туралы сұраққа Абзал Бейсенбекұлы жауап бермеді. Алайда ол 2026 жылға мемлекеттік қаражат есебінен бірде-бір форум өткізу жоспарланбағанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін мәжілісмен Сергей Пономарёв премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында «Болашақ ойындары» турнирін өткізу мерзімін кейінге шегеруді ұсынған болатын. Себебі – қаржы тапшылығы мен күрделі экономикалық жағдай. «Болашақ ойындарын» өткізу мемлекетке шамамен 62 миллиард теңгеге түсуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары