×
538.11
623.51
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.11
623.51
6.61

Бір адам қаза тапты - ауыл әкімі қатысқан жол апатының салдары

Бүгін, 19:10
Бір адам қаза тапты - ауыл әкімі қатысқан жол апатының салдары
Ашық дереккөзден

Шенеунік қазіргі уақытта ем алып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облысында Талғар ауданының әкімі қатысқан өлімге әкелген жол-көлік оқиғасынан кейін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлады аудан әкімдігі. Қазіргі уақытта әкім емделіп жатқандықтан, бұл факт бойынша қызметтік тергеу әзірге жүргізілмей отыр.

«Панфилов ауылдық округі әкімінің қатысуымен болған жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Процессуалдық әрекеттер аяқталып, мемлекеттік қызметші жұмысқа шыққаннан кейін тәртіптік шара қолдану мәселесі этика кеңесінің қарауына шығарылады», – деп мәлімдеді әкімдікте.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 13 қыркүйекте Қарасаз – Сарыжаз автожолында болған. Қылмыстық іс қозғалды. «Алдын ала мәлімет бойынша, Bestune T55 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан бір жолаушы алған жарақатынан көз жұмды, тағы бір жолаушы мен жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», – деді полиция өкілдері.

Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері кешенді түрде жүргізілуде. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

БҰҒАН ДЕЙІН

Желіде Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Даулеталиев қызметтік автокөлікпен жұмыс уақытынан тыс жол апатына ұшырап, салдарынан басқа адам қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Серіктес жаңалықтары