×
538.11
623.51
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.11
623.51
6.61

Путиннің арнайы өкілі АҚШ-қа жетті

Бүгін, 19:40
Путиннің арнайы өкілі АҚШ-қа жетті
Ашық дереккөзден

Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев АҚШ президентінің арнайы елшісі Стивен Уиткоффпен 25 қазанда кездеседі. Дмитриевтің АҚШ-қа келгенін CNN және ресейлік мемлекеттік агенттік «РИА Новости» растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кирилл Дмитриев – Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы және Ресей президентінің шетел мемлекеттерімен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі АҚШ-қа Дональд Трамп Ресейге қарсы санкциялар енгізген тұста келді, деп хабарлайды 24 қазан, жұма күні «РИА Новости», CNN телеарнасы және Axios порталының тілшісі Барак Равид дереккөздерге сілтеме жасап.

Дмитриевтің Трамп әкімшілігі өкілдерімен АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасты талқылауды жалғастыру үшін кездеседі деген жоспар бар. 

Равидтің нақтылауынша, ресейлік өкіл мен АҚШ президентінің арнайы елшісі Стивен Уиткоффтың кездесуі 25 қазанда Майамиде өтеді. Сонымен қатар, Дмитриев басқа америкалық саясаткерлермен де сөйлеседі, деп толықтырды ресейлік ТАСС агенттігі.

ТРАМП ПУТИННІҢ РЕАКЦИЯСЫ ТУРАЛЫ

22 қазан, сәрсенбі күні АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) «Ресейдің Украинадағы соғысты бейбіт жолмен аяқтауға шынайы қызығушылығының жоқтығына» байланысты қосымша санкциялар енгізді. Жаңа шектеулерге «Лукойл» мен «Роснефть» және олардың 34 еншілес компаниясы ілікті. Сондай-ақ, «Лукойл» мен «Роснефть» 50 пайыздан астам үлеске ие компаниялар да бұғатталады.

Жаңа санкцияларға пікір білдірген Ресей президенті Владимир Путин бұл шектеулер «ресей-американ қарым-қатынасына зиян келтіретінін» айтты. Сонымен қатар, ол санкциялар Ресейдің «экономикалық жағдайына айтарлықтай әсер етпейтінін» атап өтті.

«Бұл – Ресейге қысым көрсету әрекеті. Бірақ өзін құрметтейтін ешбір ел, ешбір халық ешқашан қысыммен шешім қабылдамайды», – деді Ресей басшысы.

Трамп өз кезегінде Путиннің жаңа санкцияларды Ресей экономикасы үшін ауыр деп санамайтынына «қуанышты» екенін айтты. «Бұл жақсы. Алты айдан кейін не болатынын көреміз», – деді АҚШ президенті. Ақ үй енгізілген санкцияларды «айтарлықтай маңызды» деп атап, олардың Ресейге қысым жасап, зиян келтіреді деп күтілетінін мәлімдеді.

ТРАМП ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРҒАН

16 қазанда Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Трамп келесі аптада (20–26 қазан) Ресей мен АҚШ делегацияларының келіссөздері өтетінін, АҚШ делегациясын мемлекеттік хатшы Марко Рубио басқаратынын мәлімдеді. АҚШ президенті осыдан кейін Ресей президентімен Будапештте жеке кездесетінін хабарлады.

20 қазанда Рубио мен Лавров телефон арқылы сөйлесті. Ал 23 қазанда Трамп Путинмен кездесуді тоқтатқанын жариялады:

Серіктес жаңалықтары