Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Жапония астанасы Токиодағы WTA 500 турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Рыбакина денсаулығына байланысты жартылай финалда әлемнің 17-ракеткасы, чехиялық Линда Носковамен ойнаудан бас тартты. Бұл туралы WTA хабарлады.
– Бүгін ойнай алмайтыным өте өкінішті. Осы аптада арқамда мәселелер болды, сондықтан 100% өнер көрсете алмаймын. Бүгін мені жанкүйерлерім көре алмайтынына қапалымын, бірақ келесі жылы мені көреді деп үміттенемін, - деді Рыбакина.
Осылайша, Л.Носкова жартылай финалда ойнамастан, ақтық сынға жолдама алды. Ол соңғы бәсекеде әлемнің 13-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчич немесе рейтингіде 25-орындағы америкалық София Кенин арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина 1-8 қарашада Эр-Риядта өтетін WTA қорытынды турниріне жолдама алған еді.