Өскеменді екі апта бойы сұр тұман басып тұр. Қала тұрғындары ауа жетпей, күкірт иісінен тұншығып жатқанын, денсаулығының нашарлағанын айтып шағымданып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
14 қазаннан бері қалада жел соқпай тұр. Экологтар атмосферада бірқатар зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кеткенін анықтады.
Өскемендіктер әлеуметтік желілерде шағымын жарыса жазып жатыр.
– Күннің нұрын да, ауаның тынысын да тартып алды! Құдай-ау, өзің жәрдем бер!
– Балалар мен ересектердің дене қызуы көтеріліп, жөтел, бас ауруы, жүрек айну мен құсу байқалады. Қашан адамдарды осылай қинау тоқтайды?!
– Нағыз қорқынышты фильмдегідей көрініс, – деп жазды тұрғындар.
Кеше билік өкілдері ауа сапасының күрт нашарлауына байланысты мектеп оқушыларын қашықтан оқуға көшіру туралы шешім қабылдады.
Мұндай шара 2024 жылғы қарашада да енгізілген болатын. Ол кезде де қала ұзақ уақыт соқпай тұрған желдің салдарынан қою түтінге оранған еді.
Еске салайық, бүгін, 25 қазанда синоптиктер Қазақстанның 10 қаласының тұрғындарына ескерту жасаған еді.