×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Алматылық "Қайрат" Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанды

Бүгін, 18:01
Алматылық "Қайрат" Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанды
instagram.com/f.c.kairat

Алматылық «Қайрат» Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанып, медаль саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматының Орталық стадионында өткен Қазақстан чемпионатының соңғы турында «Қайрат» футбол клубы өздерінің басты қарсыласы — «Астана» командасын қабылдады.

Алаң иелеріне чемпиондық атақты ресми түрде растау үшін тең есеп те жеткілікті болатын. Кездесу солай аяқталды. Қонақтар сапынан Томасов бірінші таймда есеп ашса, үзілістен кейін сәтті шабуыл ұйымдастырған Сәтбаев таразы басын теңестірді. Нәтиже — 1:1.

Бұл нәтижемен «Қайрат» қатарынан екінші рет чемпион атанып, клуб тарихындағы бесінші алтын жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, команда Қазақстан Премьер-лигасы тарихындағы рекордтық 16-медаль жиынтығын иеленді.

Бұдан бөлек, «Қайрат» келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасына ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.
 

 

Серіктес жаңалықтары