×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Қырғыздар мен қазақтарға тіл тигізген боксшының экс-әйелі сырттай қамалды

Бүгін, 12:02
Қырғыздар мен қазақтарға тіл тигізген боксшының экс-әйелі сырттай қамалды
Фото: Sports.ru

Қырғыздар мен қазақтарға тіл тигізген боксшы Дмитрий Биволдың экс-әйелі Екатерина Бивол сырттай қамалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Kaktus.media мәліметінше, Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасы Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 330-бабы – «Нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздық (алауыздық) тудыру» бойынша Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Тергеу нұсқасы

Іске 21 қазанда әлеуметтік желілерде тараған видеоматериалдар себеп болған. Тергеу дерегінше, Бивол аталған бейнежазбада қырғыз халқының ар-намысына тиетін, қорлайтын және өрескел пікірлер айтқан.

Бішкек қалалық ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті өзінің қоғамдағы танымалдылығын және медиа кеңістіктегі ықпалын пайдаланып, айтқан сөздерінің қауіптілігін күшейткен. Аталған баптың санкциясы 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Айып тағу және іздеу

2025 жылғы 25 қазанда Биволға айып сырттай тағылды. Бішкектің Первомай аудандық сотының тергеу судьясы оны №21 түзеу мекемесіне қамауға алу түрінде сырттай бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Тергеу жалғасуда

Қазір іс бойынша материалдар сараптамаға жіберілді. Тергеу және жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Бұған дейін

Еске салайық, боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайына ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылған болатын. 

Серіктес жаңалықтары