Өзбекстанда автогаз құю станциясында жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Оқиға Наманган облысының Чуст ауданында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Kun.uz хабарлауынша, 10 тонналық резервуарды орнынан жылжыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Салдарынан жарылыс болған.
«112 жүйесіне хабарлама сағат 18:47-де түскен. Оқиға орнына үш өрт сөндіру-құтқару тобы барды», – деп хабарлады Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметкер жарылыс кезінде қаза тапқан. Оқиғаның себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.