×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

«Лукойлға» қарсы санкциялар: Қазақстан үлестерді сатып алуға асығар емес

Бүгін, 12:02
«Лукойлға» қарсы санкциялар: Қазақстан үлестерді сатып алуға асығар емес
Ulysmedia.kz коллажы

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов АҚШ пен Ұлыбритания енгізген санкциялардан кейін ресейлік «Лукойл» компаниясының жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Лукойл» «Теңізшевройл» жобасының 5 пайызын және «Қарашығанақ Petroleum Operating» компаниясындағы 13,5 пайыз үлесін иеленеді. Журналистер министрден Қазақстан тарапы тәуекелдердің алдын алу мақсатында ресейлік компанияның үлесін сатып алуды жоспарлап-жоспарламайтынын сұрады.

Министрдің айтуынша, аптаның соңына дейін ведомство санкциялардың ел экономикасына ықпалын талдап шығуы тиіс. Алайда әзірге үкімет «Лукойлдың» үлесін сатып алу мәселесін талқылаған жоқ.

– Бұл – компаниялар арасындағы коммерциялық қатынастар. «Лукойлдың» серіктесі «ҚазМұнайГаз» болып табылады. Бұл ТШО-дағы және басқа жобалардағы үлестерге де қатысты. Сондықтан бұл сұрақты «ҚазМұнайГазға» қойған дұрыс. Ал үкімет деңгейінде әзірге ондай мәселе қаралғанын естіген жоқпын, – деді Ақкенженов.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясы бірнеше елдің енгізген санкцияларына байланысты шетелдегі активтерін сату туралы шешім қабылдаған болатын. 

Серіктес жаңалықтары