×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Қазақстаннан Қытайға өтетін 3 мыңға жуық вагон шекарада тұрып қалды

Қазақстаннан Қытайға өтетін 3 мыңға жуық вагон шекарада тұрып қалды
Ашық дереккөзден

«ҚТЖ» ұлттық компаниясының мәліметінше, Қытай шекарасындағы Алтынкөл өткізу бекетінде шамамен 3 мың жүк вагоны тоқтап тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қазан айында Қытай тарапы тәулігіне қабылдайтын пойыздар санын 14-тен 10-ға дейін азайтқан, ал кей күндері бұл көрсеткіш 6% дейін төмендеген. Бұған Қытайдың уәкілетті органдарының астық өнімдерін терең тексеруге көшуі себеп болып отыр. Тексеру кезінде астықтан сынама алынып, олар Үрімжі мен Бейжің қалаларындағы зертханаларда сараптамадан өтеді. Бұл процесс 5–10 тәулікке дейін созылады.

Осындай ұзақ тексеріс салдарынан Қытай бағытына бет алған экспорттық және транзиттік жүктері бар вагондар шекара маңында жиналып қалды. ҚТЖ мәліметінше, бұл қалыпты деңгейден әлдеқайда жоғары көрсеткіш.

Компания инфрақұрылымның қауіпсіз әрі тұрақты жұмысын сақтау үшін уақытша шектеу енгізді. Енді контейнерлік пойыздармен жөнелтілетін экспорттық астық өнімдері тәулігіне үш құрамнан аспауы тиіс.

Мекеме бұл шараның уақытша және мәжбүрлі екенін атап өтті. Шектеу Қытай тарапындағы қабылдау мүмкіндігімен пойыз қозғалысын үйлестіру мақсатында енгізілді.

Серіктес жаңалықтары