×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Түркістан облысында бірнеше шенеунік ұсталды

Бүгін, 16:52
Түркістан облысында бірнеше шенеунік ұсталды

Түркістан облысының бірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Атап айтқанда, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын қоластындағы адаммен сөз байласып ұрлаған қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ, ветеринариялық қызметі басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру фактісі тергелуде.

Соттың санкциясымен көрсетілген тұлғалар қамауда ұсталуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары