×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Қазақстандық кітап оқимын деп айыппұл арқалады

Бүгін, 19:10
Қазақстандық кітап оқимын деп айыппұл арқалады
Әлеуметтік желіден

Батыс Қазақстан облысы, Сырым аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 1-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдары өнімін, сондай-ақ өзге де өнімді дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН КІТАПТАР

Бұлдырты ауылының тұрғынынан діни мазмұндағы бірнеше кітаптар табылған. Атап айтқанда, «Товхид и Ширк», «Исламская акида» және шариғат ілімдерін оқуға арналған бағдарламалар анықталған. Бұл материалдар ел аумағында сақтауға және таратуға тыйым салынған.

Сот отырысында азамат кінәсін мойындап, кітаптарды бұрын дүкеннен сатып алғанын түсіндірді.

СОТ ШЕШІМІ

Сырым аудандық сотының қаулысымен К. ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдіктердің теракт дайындағаны туралы хабарлаған болатын

Серіктес жаңалықтары