×
538.13
624.88
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.13
624.88
6.64

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция қызметкері есірткі саудалаған

Бүгін, 21:40
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция қызметкері есірткі саудалаған
Әлеуметтік желіден

Алматы қаласының арнайы прокуратурасы АҚШ-тан есірткі жеткізетін ірі арнаны анықтады. Тергеу барысында бұл қылмыстық желіге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі қызметкері мен Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесіндегі үш қызметкері қатысқаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЕРГЕУ МӘЛІМЕТІ

Қылмыстық схеманы түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат ұйымдастырған. Ол АҚШ-тан Алматыға марихуана мен каннабис экстракты салынған сәлемдемелерді жеткізу арнасын жолға қойған. Желі құрамында ондаған адам болған – делдалдар, тасымалдаушылар және операцияны бүркемелегендер.

КОНТЕКСТ

«Жетісу» кеден бекетінде салмағы 43 келі болатын 25 есірткі сәлемдемесі тәркіленді. Тергеу барысында 20 адам ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, КНБ мен ІІМ қызметкерлері қылмыстық топқа көмектескен. Олар қызметтерінен босатылып, есірткі контрабандасы мен тарату фактісі бойынша қылмыстық іс аясында тергелуде.

Күдіктілер заңсыз бизнестен түскен табыстың бір бөлігін бес пәтер, 10 жер телімі және 44 автокөлік сатып алуға жұмсап үлгерген. Сот шешімімен бұл мүлікке тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары