×
535.83
624.94
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.83
624.94
6.69

Қауіп шекарамызға жақындады - ҰҚШҰ

Бүгін, 10:34
Қауіп шекарамызға жақындады - ҰҚШҰ
Фото: ашық дереккөзден

ҰҚШҰ «тұрақсыздық аймақтарының» шекара маңына жақындай түскеніне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Минскіде «ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ тәсілдерінің радикалдануға қарсы іс-қимыл саласындағы синергиясы» тақырыбында арнайы іс-шара өтті. Тәжікстан төрағалығымен өткен жиынға ШЫҰ мен ТМД бас хатшылары, сондай-ақ түрлі ұйымдардың сарапшылары мен өкілдері қатысты.

ПІКІР

ҰҚШҰ өкілі Самат Ордабаев аймақтағы қақтығыстардың өсуі мен қауіпсіздікке төнген жаңа сын-қатерлер - халықаралық терроризм мен есірткі тасымалына назар аударды. Ол ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті.

– Біз аймақтық қақтығыстар санының артқанын және өңірлік пен жаһандық қауіпсіздікке жаңа қауіп-қатерлердің пайда болғанын байқап отырмыз. Ең үлкен алаңдаушылық — «тұрақсыздық аймақтарының» біздің мемлекеттердің шекараларына тікелей жақындауы, – деді ҰҚШҰ бас хатшысының міндетін атқарушы Самат Ордабаев.

Іс-шараға қатысушылар радикалдануға, әсіресе жастар арасындағы радикалдық идеялардың таралуына қарсы күрес шараларын талқылайтын арнайы платформа құру туралы келісімге келді.

Серіктес жаңалықтары