×
535.83
624.94
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.83
624.94
6.69

Алматы әкімдігі ипподромның бұзылатынын жоққа шығарды

Бүгін, 11:00
Алматы әкімдігі ипподромның бұзылатынын жоққа шығарды
Фото: яндекс

Алматы әкімдігі ипподромның бұзылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлеуметтік желілерде Алматы ипподромының аумағында тұрғын үй кешені салынады деген ақпараттың таралуына байланысты «Тенгри Инвест» ЖШС бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

- Тарихи ипподром аумағында ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ, сондай-ақ тұрғын үй немесе коммерциялық нысандар салу жоспары да жоқ. Ипподром бұрынғыдай жұмыс істеп тұр, онда ат спорты жарыстары өткізіліп, ұлттық спорт түрлерін дамыту ісі жалғасып келеді, - деді «Тенгри Инвест» ЖШС директоры Ержан Майлыбаев.

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ?

Алматы қаласы әкімдігі де бұл ақпараттың негізсіз екенін растады.

- Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, аталған аумақ ипподром ретінде бекітілген, ал оны бұзу жөнінде ешқандай рұқсат берілген жоқ, - деп хабарлады әкімдік.

ИППОДРОМ

Алматы ипподромы – тарихы терең әрі мәдени маңызы зор нысан болып қала береді. Мұнда дәстүрлі түрде еліміздегі ат спорты мен ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған ірі спорттық және қоғамдық іс-шаралар өткізіліп келеді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы тарихи ипподромды бұзып, орнына үй салмақ деген ақпарат тараған болатын.

ХАТ

Артынша 46 атбегі Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыға бұл мәселеге қатысты хат жолдады. 

Серіктес жаңалықтары