×
535.83
624.94
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.83
624.94
6.69

Футбол клубтарына бюджеттен 32 млрд теңге бөлінген

Бүгін, 17:00
Футбол клубтарына бюджеттен 32 млрд теңге бөлінген
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандағы футбол клубтарына өткен маусымда жалпы 31,9 млрд теңге (шамамен $59,4 млн) бөлінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАРЖЫ ҚАЙДАН БӨЛІНДІ?

«Дядя Ваня» Telegram-арнасының деректерінше, аймақтық спорт басқармаларының есебінен 26,7 млрд теңге, ал қазына қаржысымен жұмыс істейтін Sport Qory қоры елордалық «Астана» клубына 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлген. Осылайша, Астана мен Алматыдан тыс өңірлердің клубтары ең көп қаражат алған болып отыр.

КЛУБТАР

2024 жылғы маусымдағы мәлімет бойынша премьер-лига клубтарының бюджеті төмендегідей болды:
    •    «Ақтөбе» – 4,43 млрд тг
    •    «Ордабасы» – 3,55 млрд тг
    •    «Елімай» – 2,77 млрд тг
    •    «Қызылжар» – 2 млрд тг
    •    «Тобыл» – 1,9 млрд тг
    •    «Жеңіс» – 1,94 млрд тг
    •    «Атырау» – 1,9 млрд тг
    •    «Оқжетпес» – 1,8 млрд тг
    •    «Жетісу» – 1,75 млрд тг
    •    «Қайсар» – 1,92 млрд тг
    •    «Қайрат» – 750 млн тг
    •    «Ұлытау» – 744 млн тг

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ulysmedia.k Қазақстандағы ең танымал клубтың мысалында зерттеу жүргізген еді. 

Серіктес жаңалықтары