×
535.83
624.94
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.83
624.94
6.69

Қазақстанда заңсыз пайдалы қазба өндіру белгілері бар жеті нысан анықталды

Бүгін, 18:25
Қазақстанда заңсыз пайдалы қазба өндіру белгілері бар жеті нысан анықталды
Коллаж: Ұлысмедиа

Шығыс және Орталық Қазақстан аумағында жасырын кен өндіру белгілері бар жеті учаске анықталды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалай анықталды?

Вице-министрдің айтуынша, “қара алтын іздеушілердің” әрекеттері ғарыштық түсірілімдер мен жергілікті қоғаммен бірлескен бақылау жұмыстары арқылы белгілі болған. Қазір келтірілген зиян көлемі есептеліп жатыр, бірақ оны нақтылау үшін сараптама мен зертханалық талдаулар қажет.

Жаңа заң жобасы және жазаны күшейту

Шархан Мәжілісте “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу” заң жобасын таныстырды. Құжаттың басты мақсаты -
    •    жасырын кен өндірумен күресті күшейту,
    •    саланы толық цифрландыруды қамтамасыз ету.

- Жасырын белгілері бар өндіру учаскелері анықталды. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жауапкершілікті арттырып жатырмыз. Мысалы, Беларусь тәжірибесінде инвестор тек барлау жүргізуге рұқсат алады, ал пайдалы қазбаны өндіру үшін ол міндетті түрде оны мемлекеттік балансқа қоюы тиіс. Біз де осы талапты енгізіп, лицензияны қайтарып алу түріндегі санкция енгіземіз, – деді Шархан.

Оның айтуынша, мұндай өкілеттіктер мемлекетке бұрын берілмеген.

Толық цифрландыру мен ашықтық

Вице-министр атап өткендей, жаңа жүйе толық онлайн форматқа көшіріледі:
    •    3D модельдер мен онлайн-есептілік енгізіледі,
    •    келісімшарттардың орындалуы ашық бақыланады.

- Президент жер қойнауын бөлу кезінде кулуарлық шешімдерге жол бермеуді тапсырды. Біз қазір дәл осы қағидатты ұстанып отырмыз, - деп қосты ол.

Серіктес жаңалықтары