×
535.83
624.94
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.83
624.94
6.69

Ресей шабуылынан Одесса облысы жарықсыз қалды

Бүгін, 21:20
Ресей шабуылынан Одесса облысы жарықсыз қалды
Ашық дереккөзден

Ресей қарулы күштерінің шабуылынан кейін Одесса облысының бір бөлігі жарықсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОДЕССА ЖАРЫҚСЫЗ ҚАЛДЫ

Ресей армиясының шабуылынан кейін Одесса облысының кейбір тұрғындары электр қуатынсыз қалды. Облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Олег Кипер бұл әрекетті бейбіт халыққа қарсы әскери қылмыс деп атады.

29 қазан, сәрсенбіге қараған түні Ресейдің жаппай шабуылы салдарынан Одесса облысында бір адам жарақат алды. Өңірде энергетикалық және көлік инфрақұрылымдары да зақымданған. Бұл туралы Telegram-да ОВА басшысы хабарлады.

Оның айтуынша, «ресейлік шабуыл салдарынан кейбір тұтынушылар уақытша жарықсыз қалды». «Энергетиктер электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Сын көтермейтін инфрақұрылым нысандары генератор арқылы жұмыс істеп тұр. Құқық қорғау органдары РФ-ның бейбіт тұрғындарға қарсы тағы бір әскери қылмысын құжаттап жатыр», – деді Кипер.

РЕСЕЙ УКРАИНАҒА ҚАРСЫ ШАБУЫЛДА 130-ҒА ЖУЫҚ ДРОН ҚОЛДАНДЫ

Украина Қарулы күштерінің Әуе күштері таңғы шолуда Ресей 126 соққы жасаушы ұшқышсыз ұшу аппаратын (БПЛА), соның ішінде шамамен 80 Shahed дронын пайдаланғанын хабарлады. Сонымен қатар, «Гербера» және басқа да типтегі дрондар қолданылған.

Шабуылдар Ресейдің Курск және Приморско-Ахтарск бағыттарынан, сондай-ақ аннексияланған Қырымдағы «Чауда» полигоны мен «Гвардейское» авиабазасынан және Донецк бағытынан жүзеге асырылған.

Хабарламада айтылғандай, Украина әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері солтүстік пен шығыста 93 жау дронын атып түсірген немесе басып тастаған. Сонымен қатар, 10 нысанға 32 соққы жасаушы дронның тигені тіркелді. Бір дрон бойынша ақпарат нақтыланбаған.

Серіктес жаңалықтары