×
530.15
617.47
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.15
617.47
6.64

АҚШ пен Қытай басшылары кездесті

Бүгін, 09:00
АҚШ пен Қытай басшылары кездесті
Фото: Getty images

Си Цзиньпин мен Трамптың кездесуі Пусанда өтті. Кездесуді америкалық телеарналар тікелей эфирде көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Келіссөздер Пусан халықаралық әуежайының жанындағы Кимхэ әскери-әуе базасында өтті. Бұған дейін бұл база америкалық әскери бөлімдердің орналасқан жері болған.

Си Цзиньпин Трамптың бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, сонымен қатар Бейжің мен Вашингтонның көзқарастары әрдайым сәйкес келмейтінін атап өтті.

Қытай көшбасшысы Қытай мен АҚШ-тың әлемдегі ең ірі державалар ретінде екі ел мен бүкіл халықаралық қауымдастықтың игілігі үшін жаһандық сын-қатерлерді бірлесе шеше алатынын айтты.

Си «дұрыс бағытты сақтап», «екіжақты қатынастардың алып кемесін сеніммен алға бастыруға» шақырды.

- Бұл кездесудің сәтті өтетініне күмәнің жоқ, — деді Трамп.

Серіктес жаңалықтары