×
530.15
617.47
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.15
617.47
6.64

Бас прокуратура тыңшылық қызмет еткен дипломат туралы сұраққа жауап бере алмады

Бүгін, 11:50
Бас прокуратура тыңшылық қызмет еткен дипломат туралы сұраққа жауап бере алмады
Ulysmedia.kz коллажы

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қазақстандық әскери атташенің Польшада тыңшы деген күдікпен ұсталуына қатысты сұраққа жауап бере алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Шетелдегі азхаматтардың құқығын консулдық қызмет вена конвенциясына сәйкес, дипломатиялық қызмет туралы заңға сәйкес ол біздің дипломаттарымызға жүктелген. Бұл сұраққа мен нақты мағлұмат айта алмаймын. Қорғаныс министрлігіне не СІМ сауал жолдаңыздар, – дейді Қойгелдиев. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, қазақстандық әскери атташенің Польшада тыңшы деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Күдікті 15 наурыздан бастап Быдгощ пен Варшава қалаларында барлау қызметін жүргізген. Қазақстандық Kaztag пен Orda.kz ресурстарының пайымынша, дипломат Кремль тапсырмасымен тыңшылық жасаған болуы мүмкін және Польшаға НАТО нысандары туралы ақпарат жинау үшін барған. Сонымен қатар БАҚ Бегімбай әскери атташенің көмекшісі болып істеген, ал ол атташе оның туған ағасы болып шыққаны анықталды. Тағы бір болжамға сәйкес, Бегімбай Украинада дипломатиялық иммунитетке ие болған, сондықтан оны үш айға дәл Польшада қамауға алған.

Серіктес жаңалықтары