×
530.15
617.47
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.15
617.47
6.64

Бас прокуратураның экс-қызметкері Олеся Кексель үйқамаққа алынды

Бас прокуратураның экс-қызметкері Олеся Кексель үйқамаққа алынды
Ulysmedia.kz коллажы

Сенат кулуарында журналистер бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтен бұрынғы әріптесі Олеся Кексель туралы сұрады. Оның сөзінше, бұл іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель 2 айға үй қамауына алынды. 

- Тергеу азаптау фактілері бойынша жүргізіліп жатыр. Жақында сот санкциясымен Кексельге екі ай мерзімге үйқамақ бұлтартпау шарасы қолданылды, – деді ол.

Олеся Кексель 3 шілдеде ұсталған болатын. Кейін оның азаптау ісі бойынша күдікті деп танылғаны ресми жарияланды. 

КОНТЕКСТ

Олеся Кексель 2018-2019 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарған. Кейін бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметін басқарған.

Кексель Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісі сияқты Қазақстандағы ірі даулы істер бойынша тергеу тобына жетекшілік еткен.

Олеся Кексельдің қызметте жоғарлауы Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Қайрат Қожамжаровпен байланысты екені жиі айтылады.

Биыл қыркүйекте бас прокуратура Қайрат Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

«Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деп мәлімдегін бас прокуратура сол уақытта.

60 жастағы Қайрат Қожамжаров Назарбаев тұсындағы ықпалды күштік құрылым өкілдерінің бірі болған. Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы отставкаға кеткен күні Қожамжаров сенат депутатына айналған. Оған дейін екі жыл бас прокурор қызметін атқарды. Жемқорлыққа қарсы түрлі құрылымдарға жетекшілік етті. Президенттің кеңесшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған. Ақмола облысын басқарған.

БАҚ-та Қайрат Қожамжаровтың қазір Ресей астанасы Мәскеуде тұрып жатқаны айтылады. Жақында оның Ресей азаматтығын алғаны туралы да ақпарат тараған. Қожамжаров Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің курстасы деген де ақпарат бар.

Серіктес жаңалықтары