Израильдің әскери ұшақтары мен танктері Газа секторына тағы да соққы жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Мән-жай
Израиль әскери-әуе күштері Хан-Юнистің шығысындағы аудандарға шамамен он әуе соққысын жасаған. Ал танктер Газа-Сити қаласының шығыс бөлігін атқылаған. Reuters мәліметінше, қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ.
Израиль әскері өз іс-әрекетін «террорлық инфрақұрылым нысандарына бағытталған операция» деп атады.
Израиль Газаны «сары сызық» аймағы (атысты тоқтату келісімі аясында Израиль әскері шығарылған жерде) жанкештілердің шабуылынан қаза тапқан ЦАХАЛ сарбазының өліміне жауап ретінде атқылаған. ХАМАС бұл айыптауды жоққа шығарды. Газа денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 104 адам қаза тапқан.
Бұл соққылар 10 қазанда күшіне енген Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісімге қарамастан жасалып отыр.
Израиль әскері соңғы соққылар кезінде жойылған 26 содырдың тізімін жариялады. Израильдің айтуынша, олардың арасында 2023 жылғы 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасаған ХАМАС командирі де бар. Дәл осы шабуылдан кейін қазіргі соғыс басталған болатын.