×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің түбімен байланыс жүргізбек

30.10.2025, 18:35
Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің түбімен байланыс жүргізбек
Фото: iran.ru

Тараптар қазіргі уақытта талшықты-оптикалық байланыс желісін салу мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Халықаралық Каспий цифрлық форумында Қазақстан мен Ресейдің Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін салу жоспары бар екені белгілі болды. Бұл туралы Ресейдің цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі Мақсұт Шадаев мәлімдеді.

МАҚСАТ

Шадаевтың айтуынша, жаңа жоба Ресейдің өңірлері мен Армения, Иран және Қазақстан арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ ол бұл бастама Каспий маңы елдеріндегі цифрландыру үдерісіне қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Аталған байланыс желісінің құрылысы экологияға қалай әсер ететіні әзірге нақты айтылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары