×
530.15
617.47
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.15
617.47
6.64

Қазақстандықтар олигархтың компаниясын тағы сынап жатыр

Бүгін, 18:00
Қазақстандықтар олигархтың компаниясын тағы сынап жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Петропавл тұрғындары үйлердің суық болуына шағымдануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жылыту маусымы басталғалы бері Петропавл тұрғындарынан «Севказэнерго» компаниясының атына көптеген шағым түсуде, деп жазады pkzsk.info. Адамдар пәтерлердегі батареялардың салқын екенін айтып отыр.

Компания өкілдері бұл жағдайға жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, себептер әртүрлі болуы мүмкін деп түсіндірген: жүйенің ауа тығындары, құбырлардың бітелуі, жеке жылу пункттерінің ақауы, жоспарсыз қайта жабдықтау немесе жүйенің қысқы режимге уақытылы ауыспауы.

– Ең алдымен тұрғындар өздерінің басқарушы ұйымына жүгінгені дұрыс. Себебі дәл солар үйішілік жүйелердің (стояктар, радиаторлар және басқа жабдықтар) жұмысын қамтамасыз етіп, ақауларды жоюға жауап береді, – деп мәлімдеді «Севказэнерго» АҚ өкілдері.

МЕНШІК ИЕСІ

Қазір «Петропавл жылу желілері» «Севказэнерго» АҚ-ның құрамына кіреді. Ал «Севказэнерго» – «Орталық Азия Электроэнергетикалық корпорациясы» (ОАЭК) АҚ-ның еншілес кәсіпорны. Өз кезегінде ОАЭК-тің бақылау пакеті «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» (ОАТЭК) АҚ-на тиесілі.

ОАТЭК акцияларының 50 пайызы және ЦАЭК акцияларының 47,1 пайызы олигарх Александр Клебановқа тиесілі.

Серіктес жаңалықтары