×
530.07
615.2
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.07
615.2
6.58

Райымбек Баталов «Атамекен» ҰКП басшылығынан кетеді

Бүгін, 09:36
Райымбек Баталов «Атамекен» ҰКП басшылығынан кетеді
Ulysmedia.kz коллажы

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов қызметінен кетпек. Бұл туралы Ulysmedia.kz редакциясына белгілі дереккөз хабарлады.

САРАПШЫЛАР КҮТКЕН ШЕШІМ

Дереккөздің айтуынша, Баталовтың кетуі сарапшылар қауымдастығы үшін күтпеген жаңалық емес — мұндай сценарий бұрыннан болжанған. Соңғы жылдары палатаның жұмысы айтарлықтай әлсіреп, оның беделі мен ықпалы төмендегенін мамандар да атап өтеді.

ПАЛАТА БЕДЕЛІ

Сарапшылардың пікірінше, ҰҚП жаңа Салық кодексін талқылау кезінде айқын ұстаным көрсете алмады. Осыған байланысты ұйым кәсіпкерлер арасындағы бұрынғы сенім мен ықпалын жоғалта бастаған.

БАТАЛОВТЫҢ ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ

Райымбек Баталов «Атамекен» ұлттық палатасын 2022 жылдың ақпан айынан бері басқарып келеді. Ол Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің бірі саналады. 2025 жылғы Forbes Kazakhstan рейтингінде Баталов 18-орынды иеленген.

Серіктес жаңалықтары