 
                    АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Будапеште не себепті кездеспей қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Financial Times басылымының жазуынша, Трамп пен Путин кездесуі қарсаңында АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен БҰҰ сессиясы аясында кездесіп, сөйлескен. Бірақ қандай да бір келісімге келе алмаған. Лавров Украинадағы соғысқа байланысты орындалуы мүмкін емес, қатаң талап қойған. Осыдан кейін Рубио мен Лавров телефонмен сөйлесіп, келісімге тағы да келе алмаған. Содан соң Вашингтон кездесуден бас тартқан.
Ресей сыртқы істер министрлімен болған тілдесулерден кейін Рубио Трампқа Мәскеудің келіссөздерге дайын еместігін ескерткен. Дональд Трамп Кремль ұстанымына көңілі толмаған.
Контекст
Трамп пен Путин 16 қазанда Венгрия астанасы Будапеште кездесуі тиіс болған. Бірақ кейіннен тараптар кездесу болмайтынын айтқан.
22 қазанда АҚШ Ресейдің «Лукойл» және «Роснефть» компанияларына санкция салған.
 
            
             
            
            