 
                    Жыл басынан бері Қазақстандағы екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы орта есеппен 5,4%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Krisha.kz дерегінше, ең жоғары өсім Қостанайда байқалған — +11,3%. Одан кейін Ақтау (+8,5%) және Шымкент (+7,3%) қалалары келеді. Алайда қазан айында нарық тұрақтала бастады: көпшілік өңірлерде баға өзгермеген, ал ірі қалаларда — Астана, Ақтау және Шымкентте — 1–2,4%-ға төмендеген.
БАҒА
Қазақстандағы ең қымбат тұрғын үй — Алматыда, мұнда 1 шаршы метрдің орташа бағасы шамамен 768 мың теңге. Одан кейін Астана (540 мың тг/ш.м) мен Шымкент (464 мың тг/ш.м) тұр.
Ең қолжетімді пәтерлер Қызылордада — 257 мың теңге, және Таразда — 310 мың теңге шамасында бағалануда.
 
            
             
            
             
            
            