 
                    Ақорда телеграмм арнасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің кездескенін жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОҚАЕВ ПЕН ТАСМАҒАМБЕТОВ КЕЗДЕСТІ
Иманғали Тасмағамбетов  президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл қараша айының соңында Қырғыз Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндаған. 
“Сондай-ақ Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе талқыланды” – деп жазды Ақорда телеграмм арнасы.
БҰҒАН ДЕЙІН
Тіл жанашыры Гүлжазира Шабдан ана тілінің мүшкіл хәлі алаңдатпай өзінің шеттеп қалғанын айтқан. Ол Храпунов, Есімов, Тасмағамбетов, Байбек, Сағынтаев кезінде қызмет еткен екен. Әсіресе, Бауыржан Байбек тұсында тіл басқармасы мүлдем жойылып кеткенін маман күрсіне айтты.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қазіргі күрделі әскери-саяси жағдайда ұйымның күштері жоғары дайындықта болу қажет екенін айтқан.
Иманғали Тасмағамбетов «Известия» басылымына берген сұхбатында Еуропа әскерінің Украинаға кіру ықтималдығына байланысты сұраққа жауап берген. Осы сұхбаттан кейін әлеуметтік желілерде «Қазақстан әскері Украинадағы соғысқа жіберіледі екен» деген қауесет кең тарап, қоғамдық резонанс туғызған.
 
            
             
            
             
            
            