×
530.07
615.2
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.07
615.2
6.58

Будапешт сапары болмайды - Ресей талаптары Трампқа ұнамай қалды

Бүгін, 21:10
Будапешт сапары болмайды - Ресей талаптары Трампқа ұнамай қалды
Әлеуметтік желіден

Financial Times дерегіне сәйкес, АҚШ пен Ресей президенттерінің Будапешттегі жоспарланған кездесуі Кремльдің Украинаға қатысты ультиматив талаптарынан кейін тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОҚТАУҒА НЕ СЕБЕП БОЛДЫ

Ақ үйге жолданған Ресей меморандумында Украинадан Донбасты соғыссыз босату, Қарулы күштер санын шектеу және НАТО-ға мүше болмау туралы кепілдеме талап етілген. Бұл талаптар АҚШ тарапынан «қабылдауға келмейтін» деп танылып, келіссөздерге жол жабылды.

РУБИО МЕН ЛАВРОВТЫҢ ҚАТТЫ ӘҢГІМЕСІ

Құжатты талқылаған АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров арасындағы телефон әңгімесі «қатты шиеленісті» сипатта өткен. Рубио Трампқа Ресейдің келіссөзге дайын емес екенін жеткізіп, кездесуді мағынасыз деп бағалаған.

ТРАМПТЫҢ ЖАУАБЫ

23 қазанда Трамп кездесудің тоқтатылғанын ресми растады.

«Біз келісімге жақындап келе жатқанымызға көз жеткізуіміз керек. Мен уақытымды босқа жұмсамаймын», — деп мәлімдеді.

ЗЕЛЕНСКИЙ ФАКТОРЫ ЖӘНЕ ТОМАҒАУКТАР

Кездесу идеясы Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ-қа сапары мен Киевке Tomahawk зымырандарын жеткізу мәселесі аясында пайда болған еді.

АҚШ ЖАҢА САНКЦИЯЛАР ЖАРИЯЛАДЫ

Кездесудің болмауына байланысты АҚШ әкімшілігі Ресейге қарсы жаңа ауқымды санкциялар енгізді. Олардың мақсаты — Ресейдің мұнай экспортын күрт қысқарту.

Серіктес жаңалықтары