 
                    Ер адамның жұбайының сөзінше «олар оны ұрлап, соғысқа жіберген», деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
30 жастағы Алексей Сергеев жыл басында Астанаға жұмыс істеуге кеткен. Uralsknews.kz мәліметінше, оның әйелі Надежданың айтуынша, күйеуімен соңғы рет наурыз айында байланысқа шыққан. Жуырда әйел оның есімін Украинадағы соғыста қаза тапқан 270 қазақстандықтың тізімінен көріп қалған.
“ЖАЛҒЫЗ ҚАЛАЙ ӨСІРЕМ?”
— Мен оның ол жақта екенін мүлде білмедім. Ол жыл басында Астанаға жұмыс іздеп кеткен, ал наурызда байланыс үзілді. Мен оны бүкіл Қазақстан бойынша іздедім. Оның шетелге шығуына тыйым салынған болатын. Ол қалайша Ресейге, кейін Украинаға тап болды? Мен сотқа бардым. Астана арқылы оны іздеуге бердік. Енді оның қайда екенін, қай жерде жерленгенін білгім келеді. Өлім туралы куәлік алуым керек. Қалай өмір сүрем, баланы жалғыз қалай өсірем?, — дейді әйел.
БҰҒАН ДЕЙІН
«Хочу жить» жобасы Украинадағы соғыста қаза тапқан 270 қазақстандықтың тізімін жариялаған. Барлығы Ресей тарапынан жалданғаны хабарланған.
 
            
             
            
             
            
            