Әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик Парижде өтіп жатқан "Мастерс" санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ол ширек финалда рейтингте алтыншы орында тұрған аустралиялық Алекс де Минорды 6:7 (5:7), 6:4, 7:5 есебімен жеңді.
Кездесу 2 сағат 25 минутқа созылды. Матч барысында қазақстандық теннисші 16 эйс жасап, төрт қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.
Енді Бублик жартылай финалда канадалық әлемнің 10-ракеткасы Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі.
Қазіргі уақытта Александр Бублик ATP-дің live-чемпиондық жарысында 12-орында тұр және Туринде өтетін финалдық турнирге соңғы жолдама үшін Лоренцо Музетти, Феликс Оже-Альяссим және Даниил Медведевпен бірге таласып жатыр.