×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Анарбеков пен Сәтпаев Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды

Бүгін, 11:15
Анарбеков пен Сәтпаев Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды
Темірлан Анарбеков және Ислам Сәтпаев

Темірлан Анарбеков, Дастан Сәтпаев және тағы 33 футболшы қараша айындағы матчтарға дайындық үшін Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Sportilinet.kz басылымының мәліметінше, құрама екі ойын өткізеді:

  • 15 қарашада «Астана Аренада» 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчта Бельгиямен кездеседі;
  • 18 қарашада Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу өткізеді (ойын өтетін орынды УЕФА белгілейді).

Бұл матчтарда құраманы Талғат Байсуфинов бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде басқармақ.

ҚҰРАМА ТІЗІМІ

Қақпашылар:

Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»)

Қорғаушылар:

Сергей Малый («Ордабасы»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Талғат Қусяпов («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»)

Жартылай қорғаушылар:
Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Рамазан Оразов («Елімай»), Жан-Әли Пайруз («Елімай»), Алмас Төлебай («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Дәмир Қасаболат («Қайрат»), Георгий Жұқов («Ақтөбе»)

Шабуылшылар:
Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»), Рамазан Кәрімов («Астана»)

Құрамаға «Елімай» мен «Ордабасыдан» – алты, «Ақтөбеден» – бес, «Қайраттан» – төрт, ал «Астана» мен «Оқжетпестен» – үш футболшыдан шақыртылған.

Серіктес жаңалықтары