Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көлік бағыттары уақытша өзгереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қарашадан бастап №7, 13, 53, 64, 503 және 505 бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
CTS өкілдері сондай-ақ жолаушыларды отырғызу және түсіру уақытша жүргізілмейтін аялдамаларды атады.
– Құрметті жолаушылар! “Бағыстан” тұрғын үй кешенінің аялдамасына баратын жол уақытша жабылды. Осыған байланысты №26, 27 және 502 бағыттағы автобустар аталған аялдамада жолаушыларды отырғызу және түсіруді уақытша тоқтатады, – деп хабарлады компания өкілдері.