×
530.47
613.75
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.47
613.75
6.56

Алматыда алты көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Бүгін, 13:49
Алматыда алты көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті
threads.com/@tam1rka.axaxa

Алматының әл-Фараби даңғылында бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 31 қазан күні шамамен сағат 22:50 кезінде Бостандық ауданында болған.

BMW маркілі көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай кетіп бара жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, алты көлікпен соқтығысқан.

– Жол апаты салдарынан бес адам медциналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапқан еді. 

Оқиға 23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында болған. DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен «ГАЗель» автокөлігінің 10 жолаушысы қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді.

 

Серіктес жаңалықтары